БАНКТІК ҚАРЫЗДАР МЕН МИКРОКРЕДИТТЕР АЛУДАН ЕРІКТІ БАС ТАРТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫН АНЫҚТАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.009

Кілт сөздер:

ерікті бас тарту; банктік қарыз; микрокредит; электрондық ерік білдіру; цифрлық сәйкестендіру; кредиттік алаяқтық; электрондық дәлелдемелер; дәлелдеу ауыртпалығы; азаматтық-құқықтық салдар.

Аңдатпа

Мақала банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті бас тартудың азаматтық-құқықтық табиғаты мен оны бұза отырып берілген қарыздың салдарын анықтауға арналған. Зерттеудің мақсаты – ерікті бас тартуды мемлекеттік электрондық қызмет ретінде ғана емес, жеке тұлғаның кредиттік айналымдағы құқықтық жағдайын өзгертетін біржақты электрондық ерік білдіру ретінде негіздеу. Міндеттері: институттың мәміле, заңдық факт, секундарлық құқық және өзін-өзі қорғау санаттарымен байланысын ашу; қолданыстағы тыйымның міндеттемеге ықпалын айқындау; цифрлық кредиттік дауда дәлелдеу ауыртпалығын бөлу; отандық сот практикасы мен шетелдік функционалдық тетіктерді салыстыру. Формальды-құқықтық, догматикалық, жүйелік, салыстырмалы-құқықтық әдістер, кейстік талдау және құқықтық модельдеу қолданылды. Екі апелляциялық сот актісін талдау биометриялық сәйкестендіру, электрондық қолтаңба және бір реттік кодтар соттарда нақты еріктің күшті техникалық дәлелі ретінде бағаланатынын, алайда алаяқтықтың дәлелденуі міндеттемені автоматты түрде жоймайтынын көрсетті. Нәтижесінде ерікті бас тарту секундарлық құқықты жүзеге асыратын электрондық құқықтық акт ретінде сараланды. Тыйым бұзылғанда кредитор талабының арнайы мәжбүрлеп орындатылмайтындығы, берешекті есептен шығару және кредиттік тарихты түзету басым салдар болуы тиіс. Дәлелдеу ауыртпалығы дәлелдемелерді нақты бақылау мүмкіндігіне қарай динамикалық түрде бөлінуі ұсынылды. Зерттеу нәтижелері соттар, кредиторлар, азаматтардың өкілдері және заң шығарушы үшін қолданбалы өлшемдер ұсынады.

Автор өмірбаяны

  • Жетібаев Ж., Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

    PhD, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы; Maqsut Narikbayev University Жеке құқық департаментінің оқытушы-профессоры, Астана, Қазақстан Республикасы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық пен азаматтық процесс
4 PDF: 8