Журнал туралы

Ғылыми журнал редакциясының саясаты ғылымилық, нақтылық, объективтілік, кәсіпқойлық, баспа әдебі мен академиялық адалдық нормаларын сақтау қағидаларына негізделген. Журналдың мақсаты – Академияны қазақстандық және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау.
Журналдың негізгі міндеттері:

  • заң ғылымының жеке бағыттарының қазіргі жай-күйін сипаттайтын бірегей ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін көрсететін мақалаларды, шолуларды жариялау;

  • сот қызметін қоса, құқық қолдану мәселелерін және оларды шешу жолдарын көрсетіп, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау;

  • қазақстандық және шетелдік зерттеушілер арасында заң ғылымдарының түрлі мәселелері бойынша пікір алмасу;

  • әртүрлі ғылыми мектептер өкілдерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

  • қазақстандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін отандық және әлемдік ғылыми қоғамдастықта насихаттау;

  • жас ғылыми кадрларды ашу және ілгерілету;

  • жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

  • басым ғылыми зерттеулерге ақпараттық қолдау көрсету, озық ғылыми идеяларды насихаттау;

  • жетекші шетелдік ғалымдар мен практиктермен өзара әрекеттесу және оларды жарияланымдарға, жұмыстарды рецензиялауға жұмылдыру;

  • жетекші ғалымдар мен практикамен айналысатын мамандар арасында диалог құруға және білім алмасуға арналған ақпараттық алаң ұсыну болып табылады.