Рецензиялаушылар рецензияларды ұсынғаннан кейін, Бас редактордың көмекшісі отырыс күнін журналдың Бас редакторымен, жауапты редакторлармен және Редакциялық алқаның Төрағасымен келіседі, Редакцияның кезекті отырысын тағайындайды. Редакция отырыс кезінде барлық материалдарды қарайды және журналдың кезекті шығарылымында жариялауға арналған материалдардың түпкілікті тізімін бекітеді.
Материалды рецензиялау кезінде келіспеушілік туындаған жағдайда материалдарды жариялау туралы мәселе Редакция мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы шешіледі. Дауыстардың көпшілігі негізіндегі қарапайым әдіспен ақырғы шешім анықталады. Дауыстардың саны тең болса, Бас редактор шешуші пікірін білдіреді.
Журналға материалдарды ұсыну тәртібі және мақалаларға қойылатын талаптар
Ғылыми мақала, шолу Академия сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Автор қол қойған ғылыми мақала, шолу Редакцияға электронды түрде ұсынылады.
Егер қолжазбалар қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, Редакциялық алқа оларды қарастырмайды. Журналдың редакциясы жариялауға ұсынылған жұмыстан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Егер автор мақалаға тиісті түзетулер енгізсе, мақала жариялануы мүмкін. Журнал Редакциясы қабылдамаған мақалалар мен жіберілген құжаттар авторларға қайтарылмайды. Журнал редакциясы дәйексөздердің, заңнамаға сілтемелердің және авторлар туралы мәліметтердің дәлдігі үшін жауап бермейді. Журнал Редакциясының пікірі автордың ғылыми көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Журналдың жарияланатын материалдарында мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпияға қатысты мәліметтерді қамтитын ғылыми және өзге де ақпарат болмауы тиіс. Авторлар материалдардың мазмұнына толық жауап береді, олар басқа баспа басылымдарында бұрын жарияланбауы керек. Журнал мақалаларында плагиат табылған авторлармен ынтымақтастықты тоқтатады.
Келіп түскен мақалалардың және оларға қоса берілетін материалдардың электрондық нұсқалары (қолжазбаның түпнұсқалығын тексеру туралы анықтама-есеп, рецензиялар) редакцияда бес жыл бойы сақталады.
Қайта басып шығару және дәйексөздер беру кезінде міндетті түрде Журналға сілтемелер енгізу қажет.
Қорытынды ережелер
Осы Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Академияның Ғылыми кеңесі Журналды қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды. Журналдың шығарылымын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда Академия сол атаумен оның шығарылымын қайта бастау құқығын өзіне қалдырады.