Жарияланатын мақалаларда ChatGPT және жасанды интеллект технологияларын пайдалану

Мақалаларды дайындау барысында автор жасанды интеллект технологияларын пайдалануға құқылы. Алайда, автор жасанды интеллектті қолданудың шынайы мүмкіндіктері мен салдарын ескеруі тиіс.

Жасанды интеллектті қолдану кезінде автор академиялық адалдық қағидаларын және этикалық нормаларды сақтауы қажет.

Жасанды интеллект технологияларын пайдаланған жағдайда, автор бұл туралы мақалада нақты көрсетеді: ғылыми зерттеудің қай кезеңдерінде және қандай тәсілмен жасанды интеллект пайдаланылғанын, сондай-ақ осы арқылы алынған деректердің дұрыстығын тексеру және (немесе) оларды өңдеу мен түсіндіру әдістерін сипаттайды. Мұндай ақпараттың болмауы – автордың жасанды интеллект технологияларын қолданбағанын растайды.

Автор жеке деректердің, құпия немесе заңмен қорғалатын өзге де ақпараттың құқық иесінің немесе дербес дерек субъектісінің (немесе оның заңды өкілінің) келісімінсіз жария етілуіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдайды. Сондай-ақ, үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуі тиіс.

Авторлар жасанды интеллект технологиялары арқылы алынған ақпаратты сенімді, қауіпсіз және этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануға міндетті.