ҚОРҒАЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР КУӘНІҢ АЙҒАҚТАРЫ – ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ  ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ДЕРБЕС ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Серикова Л. Astana International University
  • Ахпанов А.

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.031

Кілт сөздер:

қылмыстық іс жүргізу, дәлелдемелер, дәлелдеу процесі, дәлелдемелердің қайнар көздері, Миранда ережелері, қорғалуға құқығы бар куә.

Аңдатпа

Ғылыми мақала авторларымен өзін-өзі әшкерелемеу кепілдігі бар, классикалық куә мен күдіктінің арасындағы ерекше процессуалдық мәртебемен өзгешеленетін қорғалуға құқығы бар куә айғақтарының құқықтық мәні, табиғаты және олардың айғақтарының дәлелдемелер жүйесіндегі орны зерттеледі. Қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамада мұндай айғақтардың дәлелдемелердің қайнар көзі ретінде көрсетілгенімен, оларды зерттеу, жинау, бағалау және қолданудың процессуалдық ерекшеліктері, құқықтық табиғаты мен дербес мәртебесі регламенттелмеген. Зерттеудің мақсаты – қорғалуға құқығы бар куәнің айғақтарын дәлелдемелердің қайнар көзінің бірі ретінде танудың теориялық және құқықтық негіздерін анықтау. Осы мақсатқа жетуде ғылыми танымның классикалық әдістеріне негізделген: талдау, салыстыру, дедукция, индукция, логикалық, жүйелік-құрылымдық әдістер, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәнің айғақтарына қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін тікелей құқық нормалары болмағандықтан, мазмұны мен мақсаты жағынан ұқсас құқық норманы (заң аналогиясын) қолдану арқылы құқықтық мәселенің шешімі ретінде аналогия әдісі қолданылды. Нәтижесінде, отандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, аталған субъектінің айғақтарын қылмыстық процесте дәлелдемелердің жеке қайнар көзі ретінде заңнамалық деңгейде бекіту қажет болғандықтан, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексіне 115-1-бап енгізу туралы ұсыныс жасалды. Ұсынылып отырған зерттеулердің нәтижелері аталған субъектінің мәртебесіне қатысты сақталып отырған олқылықтарды реттеп, қылмыстық процестік заңнаманы одан әрі жетілдіруге негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс
11 PDF: 13