ҚАЗАҚСТАНДА ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Жанат КУЛЖАБАЕВА
  • Нурзат ШЕРИМОВА

DOI:

https://doi.org/10.1063546/05tptj51

Кілт сөздер:

халықаралық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, жұмыс беруші, қызметкерлер, еңбек жағдайлары, еңбек шарты, жауапкершілік

Аңдатпа

Мақалада еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды нормативтік реттеудің жаңа тенденцияларын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін халықаралық және ұлттық
нормалар жан-жақты қарастырылады. Еңбекті қорғауды халықаралық реттеудің ерекше маңыздылығы атап өтіледі, құқықтық қатынастардың реттелетін саласындағы мемлекеттің рөлі мен саясаты айқындалады. Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғау саласындағы нормативтік базаны құрудағы маңыздылығы анықталды.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық стандарттар саласындағы
негізгі құқықтық актілерге талдау жүргізілді. Авторлар қазіргі таңдағы проблемаларды талдайды және Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау бойынша тиімділікті арттыруға бағытталған бірқатар шараларды ұсынады. Мақалада еңбекті қорғау саласындағы еңбек құқығының новеллалары көрсетілген. Мәселен, 2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларының мониторингі іске қосылады. 2030 жылға дей-
інгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғау жүйесін жаңғыртуды, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды қолдануды, ғылыми зерттеулер мен тиісті ұсынымдардың рөлін күшейтуді айқындайды. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда міндетті мерзімді медициналық тексерулер жүргізу қажеттілігі атап өтіліп, өндірістік жарақаттанудың статистикалық деректері белгіленеді. Қазіргі уақытта еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында жұмыс берушілер тарапынан бірқатар бұзушылықтар байқалады. Мақалада авторлар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді. Зерттеу негізінде авторлар еңбек жағдайларын жақсарту бойынша мақсатты жұмысты жалғастырудың
маңыздылығын көрсетеді.

Жарияланды

2025-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Еңбек құқығы