ӘКІМШІЛІК ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ ТАЛАП ҚОЮДЫҢЖАРАМДЫЛЫҒЫ МЕН НЕГІЗДІЛІГІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Толқын НУРЫШЕВА
  • Гулнар ЕСБЕРГЕНОВА

DOI:

https://doi.org/10.1063546/hq7m0y35

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт, әкімшілік орган, дау айту туралы талап қою, дау айту туралы талап қоюдың жарамдылығы, дау айту туралы талап қоюдың негізділігі, дау айту туралы талап қоюдың соттағы қозғалысы мен қаралуы барысы (сызба-алгоритм)

Аңдатпа

Мәтін төменде еш өзгеріссіз берілген:

Мақалада Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК) қолданысқа енгізілгелі мемлекеттік органдар мен тұлғалардың өзара қатынастарына жаңа серпін берілгеніне назар аударылған және осындай маңызды өзгерістер қарсаңында жария-құқықтық саладағы ең жиі кездесетін дау айту туралы талап қоюдың табиғаты мен мәні зерделенген. Сонымен қатар әкімшілік талап қою ұғымына қатысты бірқатар әкімшілік танушылардың көзқарастары берілген.
Авторлармен дау айту туралы талап қою сотпен қаралуы үшін оның жарамдылығы мен негізділігінің бірқатар шарттары қарастырылған. Яғни, әкімшілік дау айту туралы талап қоюдың соттағы қозғалысы мен қаралуы барысын екі кезеңге бөліп ашу – сызба-алгоритм арқылы берілген. Бірінші кезең – сот талқылауы басталғанға дейін дау айту туралы талап қоюды жарамдылық тұрғысынан тексеру, ал екінші кезең – сот талқылауы, дау айту туралы талап қоюдың негізділігін тексеру.
Жалпы алғанда әкімшілік талап қоюдың жарамсыз немесе негізсіз деп танылуы мүмкін факторларды ескеру қажеттігі, бұл оның қайтарылуына және сотта қаралудың тоқтауына әкеліп соғатын жағдайлар жиынтығы ретінде ашылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әкімшілік сот ісін жүргізу