БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА МЕДИАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.8.4.003Кілт сөздер:
медиация, мемлекет, құқық, заң, билік, білім беру, медиативтік тәсілдерАңдатпа
Құқықтық тәжірибеде медиативтік процедураларды жүзеге асырудың тетіктерін қарастыру, оның ішінде білім беру процесінде медиацияны қолдану мәселелерін зерттеу өзекті тақырыпқа айналуда. Әдебиеттерді және заңнаманы зерттеу медиацияның қолдану әдістерінің жан-жақты қысқаша мазмұнын береді, атап айтқанда қылмыстық,
азаматтық және әкімшілік істерде медиативтік процедураларды қолдану мүмкіндіктері, оның тиімділігі туралы түсінік береді. Зерттеудің алдына қойған мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешудің құқықтық мәселелерін жан-жақты, кешенді зерттеу. Медиацияны қолданудың негізгі тәсілдері бар: біріншіден, ол жанжалдарды реттеуші амал-тәсілдер; екіншіден, ол жанжалдарды шешудің балама тәсілі; үшіншіден, соттан тыс шешудің заманауи құралы; төртіншіден, ол татуласуға негізделген тәсіл. Осы тәсілдер арқылы медиацияның нақты мамұны мен мәні зерттеліп, бағаланады. Нәтижелерді талдау (1) медиация тұжырымдамасын жан-жақты зерттеу және ғылыми талдау жүргізу тек теориялық қана емес, сонымен бірге оның негізгі қағидаларын жүзеге асыру және олардың білім беру мекемелері жүйесіндегі дауларды (жанжалдарды) реттеу процесінде көрінуі үшін үлкен практикалық маңызы бар екенін көрсетеді; (2) медиацияның принциптері мен маңыздылығын ашып көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі дауды (жанжалды) шешуде медиатордың рөлін белгілеуді көрсетеді. Бұл мәселені шешу маңызды. Бұл әр түрлі
деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы субъектілер арасында туындайтын дауды (жанжалды) шешу процесіндегі медиацияның рөлі мен орнын көрсетеді.