АТҚАРУ ЖАЗБАҒА ДАУ АЙТУ БОЙЫНША ІСТЕРДІСОТТА ҚАРАУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.7.3.007Кілт сөздер:
Даусыз талаптар, заңнаманың қалыптасуы, атқару жазбасы, сот тәжірибесіАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу және нотариаттық тәжірибесіндегі атқарушылық жазба институтының қалыптасуы мен даму эволюциясы қарастырылады. Автор атқарушылық жазбаның құқықтық табиғатын, тарихи негіздерін және сот жүктемесін азайтудағы рөлін талдайды. Сондай-ақ, нотариустардың осы құжатты ресімдеудегі өкілеттігі мен тәжірибеде туындайтын проблемалық мәселелерге шолу жасалады. Атқарушылық жазбаны қолданудың шетелдік тәжірибесімен салыстырмалы талдау жүргізіліп, отандық құқықтық жүйеге бейімделу мүмкіндіктері ұсынылады. Мақалада құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер мен жетілдіру жолдары көрсетіліп, осы институтты одан әрі дамыту бойынша нақты ұсыныстар берілген. Мақалада атқару жазбаға дау айту бойынша істерді сотта қарау барысында туындайтын мәселелер қозғалады. Сотта қаралған нақты істерге сілтеме жасап, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.