АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫН ЖҮЙЕЛІК ҚҰРУДЫҢМІНДЕТТІ КРИТЕРИЙЛЕРІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАҒИДАТТАР (РЕСЕЙ МЕНҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ)
DOI:
https://doi.org/10.1063546/8rnac210Кілт сөздер:
азаматтық процестік құқығы, сала, қағидат, жүйе құру критерийі, төрелік сот ісін жүргізу, әкімшілік сот ісін жүргізуАңдатпа
Мақалада азаматтық процестік құқығы саласының жүйе құру критерийлерін бөлудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігіне назар аударылды. Аталған мәселені талқылаудың алғышарты ретінде азаматтық процестік құқығының бірлігін үш ірі құқықтық құрылымға – азаматтық, төрелік және әкімшілік сот ісін жүргізуге бөлу мәселесі болып табылады. Бұл ретте Ресей мен Қазақстанда жария-құқықтық дауларды шешу жөніндегі жеке кодекстің қабылдануы даулы сипатқа ие. Ол үшін мақала авторы екі елдің азаматтық процестік және әкімшілік іс жүргізу заңнамасының талаптарын, сондай-ақ аталған мәселе бойынша ресейлік және қазақ ғалымдарының құқық саласын қалыптастыру критерийлері тұрғысынан ұстанымдарын талдады. Нәтижесінде, жүйе құрудың міндетті критерийлері ретінде пәні мен әдіспен қатар құқық саласының қағидаттарын тану қажет деген қорытынды жасалады. Қосымша критерийді қолдана отырып, автор доктриналық деңгейде РФ ӘСЖ және ҚР ӘРПК қабылдағанға дейін де, қабылдағаннан кейін де әкімшілік іс жүргізу құқығы саласының дербестігінің белгісі ретінде әкімшілік процестік қағидаттарының ғылыми-құқықтық негіздемесі байқалмайды деген қорытындыға келеді.