ШЕТЕЛ ЭЛЕМЕНТІМЕН КҮРДЕЛЕНГЕН ДАУЛАРДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.034Кілт сөздер:
Халықаралық жеке құқықтағы саралау, дербес саралау теориясы, lex causae сара лау, lex fori саралау, қолданылатын құқықты анықтау, алғашқы және екінші кезеңдегі саралау, шетел құқығын қолдану.Аңдатпа
Бұл мақалада халықаралық жеке құқық теориясындағы ең көп талқыланатын мәселелердің бірі – құқықтық саралау мәселесі қарастырылған. Құқықтық саралау құқықтың барлық салалары үшін өте маңызды, себебі ол құқықтық нормаларды қолданудың негізін құрайды. Құқықтық саралаудың түпкі мақсаты норманы дұрыс түсіну және дұрыс қолдану болып табылады. Бұл мақалада авторлар құқықтық саралаудың халықаралық жеке құқық және қолданылатын құқықты анықтау процесі үшін маңыздылығын зерттейді. Авторлар халықаралық жеке құқық теориясында қалыптасқан саралаудың негізгі доктриналарын талдаған және қолданылатын құқықты анықтаған кезде lex fori, ал шетел құқығын қолданған кезде lex causae қолдану орынды деген қорытындыға келеді. Мақалада құқықтық саралаудың Қазақстан Республикасының коллизиялық нормаларындағы бекітілуі талданады.
Open content is licensed under the CC-BY