2005 ж. сот таңдау келісімдері туралы және 2019 ж. азаматтық немесе коммерциялық істер бойынша шетелдік сот шешімдерін тану және орындату туралы Гаага конвенцияларын ратификациялау туралы
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.036Кілт сөздер:
Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясы, халықаралық жеке құқық, халықаралық азаматтық процесс, сот таңдау келісімі, шетелдік сот шешімдерін тану және орындату.Аңдатпа
Мақала Қазақстанның 2005 жылғы сот таңдау келісімдері туралы Гаага конвенциясын және 2019 жылғы азаматтық немесе коммерциялық істер бойынша шетелдік сот шешімдерін тану және орындату туралы Гаага конвенциясын ратификациялауының орындылығын зерттеуге бағытталған және екі міндет қояды: артықшылықтарды анықтау және ықтимал қауіптерді талқылау. Негізінен жүйелік, компаративтік және аксиологиялық әдістерді қолдана отырып, автор Қазақстан соттары шешімдерінің танылуы мен орындалу аясын кеңейту, оң әлеуметтік-экономикалық әсер, азаматтық процесстік заңнамадағы олқылықтарды толықтыру сияқты жағымды салдарды бөліп көрсетеді. Мақала республика үшін сезімтал мәселелер, соның ішінде юрисдикциялық иммунитеттер, Қазақстан соттарының айрықша құзыреті, дауларды шетелдік юрисдикцияларға «алып кету» мүмкіндігі немесе көрінеу әділетсіз шешімдерді орындату үшін іс жүзінде қауіп жоқ екенін көрсетеді. Қос конвенцияны, жекелеген процесстік нормаларды нақтылау және конвенция мәтіндерін дұрыс аудару жағдайында, ратификациялау орынды деген қорытынды жасалады. Өзгерістер мен толықтыруларды талап ететін нормалар бөлек талқыланған. Мақала конвенцияларға қосылу қажеттігін теориялық тұрғыдан негіздеу үшін де, қолданыстағы заңнаманы олармен үйлестіру бойынша практикалық қадамдар үшін де қолданыла алады.
Open content is licensed under the CC-BY