ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ БҰЙРЫҚТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ИНСТИТУТЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Арыстан АҚПАНОВ

DOI:

https://doi.org/10.1063546/8037r168

Кілт сөздер:

процестік нысанды саралау, жеңілдетілген және жеделдетілген іс жүргізу, арнайы іс жүргізу, бұйрықтық іс жүргізу, сот бұйрығы

Аңдатпа

Мақалада авторлар қылмыстық процестегі бұйрықтық іс жүргізу институтына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізді. Осы институт Қазақстанда 2018 жылдан бастап жұмыс істей бастады және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 1 желтоқсандағы Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілді. Мұндай институтты енгізу қажеттілігі іс жүргізу нысанын жеңілдету, қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы аз қылмыстар туралы істер бойынша мерзімдерді жеделдету және іс жүргізу үнемдеуі қажеттілігіне байланысты.

Іс жүзінде бұйрықтық іс жүргізу институтын құқық қорғау және сот органдары толық көлемде пайдаланбайтынын атап өткен жөн, бұл заңнамалық реттеудің жетілмегендігі, сондай-ақ оны қолдану кемшіліктері салдарынан бұйрық тәртібінің барлық әлеуеті толық ашылмағандығы туралы тезисті растайды. Осыған ұқсас институттардың кейбір ережелерінің рецепциясы мен оларды бейімдеу бөлігінде шетелдік заңнаманы талдау осы жұмыстың негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс