ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕНТАЛИТЕТ: ОЛАРДЫҢ ӨЗАРАБАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/r3hgb950Кілт сөздер:
құқықтық менталитет, құқықтық сана, құқықтық құндылықтар, құ- қықтық мәдениет, құқық, заң, әділеттілікАңдатпа
Бұл мақалада құқықтық сана мен құқықтық менталитет арасындағы өзара байланыс мәселелері жан-жақты талқыланады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде құқықтық менталитетті екі деңгейде — кең және тар деңгейлерде зерттеу дәстүрі қалыптасқан. Автордың пікірінше, құқықтық менталитет — көп мағыналы, көп аспектілі, көп қырлы феномен. Ол құқықтық санаға қарағанда мағынасы мен ауқымы жағынан кең әрі терең. Ол құқықтық сананың негізін құрайды және оның қайнар көзі болып табылады. Құқықтық менталитет құқықтық сананың мазмұнына, қызметіне және бағытына әсер етеді. Құқықтық менталитет интегралдық ұғым ретінде қарастырылып, оның құқық әлемін дұрыс түсіну мен қабылдауға әсер ететіні дәлелденеді. Құқықтық реформаның тиімділігі мен дамуы, бағыты мен нәтижесі құқықтық менталитет пен құқықтық сананың өзара байланысы негізінде қарастырылады.