СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/qm08yp96Кілт сөздер:
қылмыстарды тергеу, сыбайлас жемқорлық, қылмыс, криминалисти- ка, белгілер, топтастыру, тергеу әдістемелеріАңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы криминалистиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қылмыстарды тергеудің ірілендірілген (жалпы, негізгі және т.б.) әдістемелерін қалыптастырудың жекелеген қырлары қарастырылған. Мұндай әдістемелерді құру тек қылмыстық-құқықтық қана емес, сонымен қатар криминалистикалық топтастырудың жалпы белгілерін алдын-ала бөлуді қажет етеді. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тән болып табылатын Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің әртүрлі бөлімдерінде және (немесе) тарауларында орналасқан қылмыстарға қатысты тергеудің ірілендірілген (жалпы, негізгі және т.б.) әдістемелерін қалыптастыру мүмкіндігі негізделеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің осындай әдістемесін құру үшін іс-әрекет субъектілерінің және лауазымдық қызмет саласының белгілерін негізге алу ұсынылады, бұл оларды осы топтың қылмыстарын криминалистикалық топтастыру базасы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қылмыстарды (оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарды) тергеудің ірілендірілген (жалпы, негізгі және т.б.) әдістемелерін қалыптастыру қолданбалы сипаттағы сапалы жаңа әдістемелік ұсынымдар алудың негізі болып табылады деген қорытынды жасалған.