ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕНТАЛИТЕТ: ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/snkpt365Кілт сөздер:
құқықтық менталитет, құқықтық сана, құқықтық ойлау, құқықтық нигилизм, әділеттілік, құқық, қазақтардың әдеттегі құқығы (адат)Аңдатпа
Бұл мақалада құқықтық менталитеттің өзекті мәселелері қарастырылады, оның құқықтық сана, құқықтық ойлау, құқықтық нигилизм сияқты өзге рухани құбылыстармен өзара байланысы талданады. Авторлардың пікірінше, құқықтық менталитеттің мәні саналы және бейсаналық, рационалды және иррационалды деңгейлерді қамтитын жүйелік-құрылымдық талдау тұрғысынан зерттелуі тиіс. Мұндай талдау қазақстандықтардың құқықтық менталитетіндегі құқықтық стереотиптерді, құқықтық көзқарастарды, құндылықтық-құқықтық нормалар мен архетиптерді тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.
Мақалада қазақ халқының құқықтық санасының даму ерекшеліктері талданады. Авторлардың пікірінше, билер сотының тарихи маңыздылығы — қазақтардың құқықтық менталитетінде әділеттілік қағидаттарын кез келген заңнан жоғары қоя отырып, оны мызғымас қорғаумен қамтамасыз етіп, құқықтық шындықта іске асырғандығында.
Қазақстандықтардың менталитетінде құқық нормалары мен құндылықтарына деген нигилистік көзқарас әлі де терең орныққан. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен саясаткерлердің моральдық азғындауы билік пен сот органдарына деген теріс көзқарастың қалыптасуына әкелді. Бұл үрдісті өзгерту, әділдік пен заңдылыққа деген сенімді қалпына келтіру оңай шаруа емес.
Зерттеу барысында автор құқықтық нигилизмнің себептері ретінде құқық пен заңның теңестірілуін, құқықтық және моральдық нормалардың, заң мен әділеттіліктің қарама-қайшы қойылуын, сондай-ақ олардың теориялық және практикалық тұрғыдан шешілмеуін атап көрсетеді.