ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢМАГИСТРАТУРАСЫНА ІРІКТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/gwb9kk49Кілт сөздер:
кадрлық әлеует, сот жүйесі, магистратураға, сот төрелігі академиясына үміткерлерді іріктеу, судьяларға қойылатын талаптарАңдатпа
Мақалада сот жүйесі үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері және осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратурасына іріктеу ерекшеліктері қарастырылған.
Бұл тақырыпқа қызығушылық тәуелсіз сот жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі факторы бола отырып, жоғары кәсіби судья кадрлары құқықтың үстемдігі қағидатын, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын, соттар қабылдайтын шешімдердің заңдылығын және соның салдарынан халық тарапынан сот жүйесіне деген сенім деңгейінің артуын қамтамасыз ететіндігімен байланысты. Сондықтан ең лайықты және дайындалған кандидаттардың ішінен судьялар корпусын құру мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді.