КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-СОТТЫҚ ӨЛШЕМДЕГІҚАРЖЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Али ШАУКЕНОВ

DOI:

https://doi.org/10.1063546/74zea454

Кілт сөздер:

Конституция, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдері, қаржылық-құқықтық мәселелер, халықаралық сауда, санкциялар, активтер, квазимемлекеттік сектор, қаржылық реттеу

Аңдатпа

Мақалада конституциялық-соттық өлшем контекстінде қаржылық-құқықтық реттеудің кейбір мәселелері көтеріліп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қаржылық-құқықтық сипаттағы шешімдері, атап айтқанда, ЕАЭО, «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының шеңберінде экономикалық егемендік мәселелеріне назар аударылады. Активтерді экономикалық айналымға тартуда орын туындаған проблемалар, сондай-ақ активтерді заңсыз иемдену мен алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою үшін байыпты зерделеу қажеттілігі көрсетілген. Экономиканы дамытуға бағытталған шараларды қабылдауда кешенді тәсілдің қажеттілігі атап өтіліп, елдің экономикалық қауіпсіздігіне төнетін кейбір тәуекелдер сипатталып, қалыптасқан жағдайдың себептері тұжырымдалып, қаржылық-құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық