ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙ ТҮРІНІҢ ЖҮГІ АУЫР?
DOI:
https://doi.org/10.1063546/1fr4s895Кілт сөздер:
қылмыстық теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық, жауаптылық, жаза, нормативтік құқықтық актілердің деңгейі мен сатысы, соттылық, айыппұлАңдатпа
Бұл мақалада нақты мысалдар келтірілген, әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық теріс қылық арасындағы айырмашылық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың ауырлығына және кінәлі адамның жеке басына сәйкес келмейтін заңдарда қарастырылған жауапкершілік пен жазаның кейбір аспектілері ашылады. Көрсетілген мән-жайлар қылмыстық теріс қылық үшін жауапкершілік пен жаза тетігін жетілдіру қажеттігін дәлелдейді. Автор аталған өзекті мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, бір деңгейдегі кодекстердің иерархиясын анықтап, қылмыстық кодекске және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деген қорытындыға келеді.