АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ СОТ ҚАТЕЛІГІ

Авторлар

  • Айгуль АСЫЛБЕКОВА

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.6.2.007

Кілт сөздер:

сот қателігі, судьяға жүктеме, шешімдегі жазулар, айқын арифметикалық қателер

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізу барысында орын алатын сот қателіктері талданады. Автор сот қателіктерінің құқықтық сипаты мен олардың азаматтардың құқықтарын қорғауға кері әсерін жан-жақты қарастырады. Сот шешімдеріндегі қателіктердің себебін анықтап, оларды түзету тетіктері мен құқықтық реттеу жолдары ұсынылады. Мақалада судьялардың біліктілігін арттыру қажеттілігі, сот шешімдерінің сапасын жақсарту және азаматтық процесте әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілген. Германия тәжірибесіне сүйене отырып, автор судьялардың тағылымдамадан өту мерзімін ұзарту қажеттігін, сондай-ақ судьялардың практикалық дағдыларын арттыру үшін арнайы бағдарламалар мен курстар енгізу ұсыныстарын келтіреді. Осы мәселелерді шешу арқылы сот қателіктерін азайтып, Қазақстанның сот жүйесіне сенімділікті арттыруға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық пен азаматтық процесс