СОТ РЕФОРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ ПАРАДИГМАСЫ

Авторлар

  • Айбек АМАНГЕЛДИН

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.6.2.004

Кілт сөздер:

сот жүйесін реформалау; әділдік; доктрина; қағидаттар; дәлелдеу стандарттары; әкімшілік іс; азаматтық іс

Аңдатпа

«Жаңа Қазақстан» жағдайында сот жүйесін реформалау аясында қоғамда әділеттілікке деген сұраныс айтарлықтай артты. Мақалада әділеттілікті тек формалды нормалар арқылы емес, құқықтық қағидаттар негізінде қамтамасыз етудегі соттардың рөлі талданады. Автор құқықтық позитивизмнен бас тартып, Қазақстан сот практикасына шетелдік доктриналарды (мысалы, «корпоративтік вуальді жою», contra proferentem, соттық эстоппель) енгізуді ұсынады. Мұндай тәсілдердің артықшылықтары – сот төрелігіне деген сенімді арттыру, құқықты дамыту және құқықты қолдану тәжірибесін заңнамалық өзгерістерсіз жетілдіру. Автор азаматтық және әкімшілік істерді шешуде дамыған құқықтық жүйелерге тән жалпыға мәлім доктриналарды кеңінен қолдануды ұсынады және өз төрағалығымен қаралған нақты азаматтық және әкімшілік істерге сілтеме жасайды. Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, процессуалдық заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар тұжырымдалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық