ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1954 ЖӘНЕ 1961 ЖЫЛДАРҒЫ БҰҰ-НЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КОНВЕНЦИЯЛАРЫНА ҚОСЫЛУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН САЛДАРЫ

Авторлар

  • Мамырбаев Р. Н. Университете Алиха Бокейхана
  • Сыздыков А. Ж. Alikhan Bokeikhan University
  • Искакова Ж. Т. Astana International University

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.037

Кілт сөздер:

азаматтығы жоқтық, азаматтық, апатрид, адам құқықтары, 1954 жылғы Конвенция, 1961 жылғы Конвенция, Қазақстан Республикасы, натурализация, баланың азаматтыққа құқығы.

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының 1954 жылғы Апатридтердің мәртебесі туралы конвенцияға және 1961 жылғы Азаматтығы жоқтықты қысқарту туралы конвенцияға қосылуға құқықтық дайындығын қазіргі кезеңдегі ұлттық заңнаманың даму серпінін ескере отырып бағалауға арналған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанда азаматтығы жоқ адам мәртебесін айқындаудың арнайы рәсімінің қалыптасуымен, 2024 жылғы Ашхабад декларациясында өңір мемлекеттерінің халықаралық стандарттарға жақындасу жөніндегі міндеттемелерімен, 2025 жылы азаматтық туралы заңнамада азаматтығы жоқтықтың алдын алу және оны қысқарту қағидатының тікелей бекітілуімен, сондай-ақ 2026 жылғы Конституцияның күшіне енуімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – ұлттық құқықтың екі Конвенцияның негізгі талаптарына сәйкестік дәрежесін анықтау және қосылу үшін қажетті нысаналы заңнамалық өзгерістер пакетін негіздеу. Формалды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік және халықаралық шарттардың үйлесімділігін талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде Қазақстанның институционалдық және нормативтік дайындығы жоғары екені, алайда толық сәйкестік үшін азаматтығы жоқ адамның анықтамасын біріздендіру, азаматтығы жоқ болып қалуы мүмкін балаларға әмбебап кепілдік енгізу, ата-аналардың азаматтығы өзгерген кезде баланың азаматтығын сақтау, азаматтықтан шығу мен азаматтықтан айырудың салдарын нақтылау және апатридтерді натурализациялауды жеңілдету қажет екені негізделеді. Мақаланың ғылыми жаңалығы 2022 жылғы бастапқы бағалауларды 2024-2026 жылдардағы құқықтық реформалармен салыстыра отырып қайта бағалауда және Конвенцияларға қосылуға қажетті ең төменгі заңнамалық түзетулердің авторлық моделін ұсынуда көрінеді.

Автор өмірбаяны

  • Мамырбаев Р. Н., Университете Алиха Бокейхана

    Университет Алихана Бокейхана

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық
4 PDF: 9