ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ФАКТОРЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/8n3d4e17Кілт сөздер:
құқықтық сана, қоғам мәдениеті, құқықтық түсіністік, жеке бостандық, әлеуметтік-мәдени плюрализмАңдатпа
Мақалада әлеуметтік-мәдени факторлардың жеке құқықтық сананың қалыптасуы мен дамуына әсер етуінің өзекті мәселелері қарастырылады. Жеке құқықтық сананың қалыптасуы құқықтық түсінудің мәдени тұжырымдамасы тұрғысынан, яғни құқық тұрғысынан адамзат мәдениетінің құбылысы ретінде қарастырылады. Автор қазақстандық теориялық-құқықтық мектеп өкілдерінің құқықтық сана проблемаларын, ондағы қайшылықтарды, құқықтың адамның санасы мен мінез-құлқына әсерін, құқықтық және адамгершілік сананың өзара іс-қимылын әзірлеуге қосқан елеулі үлесін атап көрсетеді. Құқықтық сана – бұл әлеуметтік сана, оның рефлексиясының мәні – қоғам, мемлекет. Қоғам мәдениетінің даму деңгейі (кең мағынада) адамның және қоғамның маңызды әлеуметтік құндылығы ретінде құқықты түсіну дәрежесін анықтайды.