СУДЬЯЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕН КӘСІБИ ДАМЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Сұлтанов Р. Р. Academy of Justice under the Supreme Judicial Council of the Republic of Kazakhstan
  • Егембердиев Е. О. Академии правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан
  • Досаев Т. Академия правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.012

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, сот жүйесі, судьяларды іріктеу, сот төрелігін цифрландыру, сот жүйесін құқықтық реттеу.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының сот жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері судьяларды іріктеу және даярлау үдерісінде оларды пайдалану тұрғысынан қарастырылады. Сот төрелігінде зияткерлік жүйелерді қолданудың шетелдік тәсілдері, оның ішінде оларды пайдаланудың жол берілетін шектері және сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талданады. Қазақстанның институционалдық және құқықтық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады, олар жасанды интеллектті негізінен білім беру және талдамалық салаларда функционалдық тұрғыдан қолдану қажеттігін, ал сот шешімдерін қабылдауға оны қатыстырмау керектігін негіздейді. Жоғары Сот Кеңесінің қызметінде зияткерлік жүйелерді қолдануды нормативтік бекітуге бағытталған заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдалады. Жасанды интеллектті заңдылық, ашықтық және сот төрелігінің тәуелсіздігі қағидаттарын сақтай отырып, кезең-кезеңімен және шектеулі енгізудің мақсаттылығы туралы қорытынды жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық пен азаматтық процесс
5 PDF: 17