БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТТЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТТАРЫНДА ІС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.035Кілт сөздер:
шарттық органдар, комитеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымы, жеке хабарламалар, адам құқықтары, сот практикасының бірыңғайлығы, құқықтық мәртебе, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, халықаралық құқық.Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының шешімдеріне негізделген істерге қатысты қазақстандық соттардың ұстанымдарындағы алшақтықтардың себептерін анықтау және оларды еңсеру жолдарын негіздеу. Формальды-заңдық әдіс пен жеке хабарламалардың авторларының өтініштері бойынша қазақстандық соттар қараған нақты істердің материалдарын талдау негізінде мынадай тұжырым жасалды: аталған алшақтықтар осы істердің заңдық тұрғыдан маңызды мән-жайларының әртүрлілегінен емес, шарттық органдар шешімдерінің ұлттық құқықтық жүйедегі мәртебесі туралы бірыңғай түсініктің болмауынан туындайды. Халықаралық шарттар да, ұлттық заңнама да бұл шешімдердің заңдық күшін тікелей айқындамағандықтан, соттар туындаған олқылықты өз бетінше еңсеруге мәжбүр, бұл өз кезегінде әртүрлі бағыттағы әрі қайшылықты сот тәжірибесінің қалыптасуына әкеледі және сот тәжірибесінің бірыңғайлығы қағидатының сақталуын күмән тудырады. Жұмыста осы белгісіздікті жою мұндай шешімдерге беделді құқықтық бағдар мәртебесін бекітетін, соттар тарапынан адал ескерілуге тиіс нормативтік қаулыны Жоғарғы Соттың қабылдауы арқылы мүмкін болатыны негізделеді. Мұндай түсіндірме соттардың бірыңғай ұстаным қалыптастыруына ықпал етіп, сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етер еді, бұл өз кезегінде халықаралық шарттармен кепілдендірілген азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттырар еді.
Open content is licensed under the CC-BY