ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕРДІ ҚАРАУ ЖӘНЕ АЛЫП ҚОЮДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.023

Кілт сөздер:

цифрлық активтер; криминалистика; қарау; алып қою; цифрлық дәлелдемелер;

Аңдатпа

Мақала қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру барысында цифрлық активтерді қарау және алып қоюды криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Зерттеудің өзектілігі қылмыстық қызметте цифрлық активтердің кеңінен қолданылуымен, блокчейн технологиясының дамуымен және тиісті тергеу әрекеттерін жүргізудің бірыңғай криминалистикалық тәсілінің болмауымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық активті басқарудың цифрлық ортасын кешенді зерттеуге негізделген цифрлық активтерді қарау және алып қоюдың ғылыми негізделген криминалистикалық моделін әзірлеу. Зерттеу барысында формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік әдістер, сондай-ақ талдау, синтез және модельдеу әдістері қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамасы, FATF, UNODC, OECD халықаралық ұсынымдары, шетелдік және отандық ғылыми еңбектер негізінде цифрлық активті басқарудың цифрлық ортасының авторлық түсінігі ұсынылып, оның криминалистикалық құрылымы мен цифрлық активтерді қарау және алып қоюдың криминалистикалық моделі әзірленді. Криминалистикалық зерттеу объектісі ретінде жеке цифрлық активті немесе криптокәмиянды емес, өзара байланысты құрылғылардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, аутентификация құралдарының, қол жеткізу деректерінің, блокчейн деректерінің және өзге де цифрлық іздердің жиынтығын қарастыру негізделді. Ұсынылған модельді қолдану цифрлық дәлелдемелерді анықтау, бекіту және зерттеу тиімділігін арттыруға, цифрлық ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге және тергеу тәжірибесін біріздендіруге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

  • Еркенов Б. Д., The Almaty Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after Maqan Esbulatov

    Доцент кафедры оперативно-розыскной деятельности Алматинской академии МВД РК имени Макана Есбулатова

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс
4 PDF: 11