ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КИБЕРҚЫЛМЫСТАРҒАҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖАЙ-КҮЙІНЕЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫНА ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/ds46x066Кілт сөздер:
киберқауіпсіздік, киберқылмыстар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, телекоммуникация желіле- рі, қылмыстық заңнама, криминализацияАңдатпа
Мақалада киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқық-
тық және ұлттық-құқықтық негіздері қарастырылады. Автор киберқылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық туралы ұлттық заңнаманы талдауды цифрлық ортаны позитивті тұрғыдан реттейтін заңнаманы шолуға негіздейді. Зерттеу нәтижесінде автор ақпараттық-коммуникациялық технологияларды реттейтін нормативтік-құқықтық базаның тұрақсыздығының себептерін айқындайды, ақпараттық заңнаманы кодификациялаудың артықшылықтарын көрсетеді, ұлттық қылмыстық заңнамадағы киберқылмыстарды зиянды әсер ету тәсілдері мен бағытына қарай топтастырады, дәстүрлі қылмыстарды телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасау жағдайларын саралаудың қалыптасқан практикасына қатысты сыни пікір айтады, киберқылмыстар туралы заңнаманың көмегімен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективаларын болжайды.