СУНЬ-ЦЗЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫСАЛАҒА БЕЙІМДЕЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/z0tcz260Кілт сөздер:
Сун-цзы, соғыс өнері, қылмыспен күрес, желілік құрылымдар, сызықтық емес көзқарас.Аңдатпа
Бұл мақалада ежелгі Қытай қолбасшысы және философы Сунь-цзы идеясын құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне бейімдеу перспективалары қарастырылады. Әскери істер мен қылмыстық сот төрелігі арасындағы айқын айырмашылықтарға қарамастан, олардың негізгі бағыттарының көпшілігінде ортақ нәрсе бар. Бұл, ең алдымен, қазіргі қылмыстық әрекеттің нысандары мен әдістерінің қарқынды өзгеруі жағдайында еліміздің құқық қорғау органдарының қызметін тиімді ұйымдастыруға қатысты. Сунь-цзы идеяларын ескере отырып, қылмыспен күресудің баламалы үлгісін ұсынуға әрекет жасалды. Ол, ең алдымен, қылмыстық қудалауға емес, құқық бұзушылықтардың үнемі қайталануына ықпал ететін себептер мен жағдайлар кешеніне әсер етуге бағытталған. Ол үшін қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қылмыспен күресудің сызықтық емес тәсілі қарастырылған.