ЕҢ БИІК СОТ – АРДЫҢ СОТЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/8c2krx98Кілт сөздер:
ар-ұят, адамгершілік, мораль, әдеп, мінез, құқық, әділеттілік, білім, ғылым, парасатАңдатпа
Мақалада адамзат болмысының жан дүниесі: мінез-құлқы, адами қасиеттері, тәрбиесі, көрегенділігі мен парасаттылығы сипатталады. Білім, ғылым, өнер, ар-ұят, иман сынды шуақты құндылықтар адамдардан жырақта болғанда, қоғам басына келетін кесапаттың, әділетсіздіктің орын алатыны жайында сөз қозғалады.
Білім мен адамгершілік екі басқа нәрсе екендігі, тәрбиесіз білім адамға таяқ болып
тиетіндігі айтылады. Әдепті адамдар әдетте арлы да ұятты, қайырымды да мейірімді келеді. Адамның өзін-өзі үнемі тәрбиелеп отыруының, әдепті адам болып қалып-тасуының, арамдыққа бой ұрмай, адамгершілік қасиеттерін биік ұстауының маңыз-дылығы тереңінен қарастырылады. Әсіресе сот билігіндегі адамдардың ар-ұяты мен әділеті, ынсабы мен рақымы аса жоғары болу қажеттілігі айтылады.