АҚША-КРЕДИТ ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖАСАЛҒАНАЛАЯҚТЫҚТАҒЫ ЗАЛАЛДЫҢ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ

Авторлар

  • Ардақ БИЕБАЕВА
  • Айгуль Калгужинова

DOI:

https://doi.org/10.1063546/f9k11e73

Кілт сөздер:

жымқыру, алаяқтық, кредиттеу саласындағы алаяқтық, кредитті заңсыз алу, залал, нақты залал, шығындар, айрылып қалған пайда, зиянды өтеу, өтемақы

Аңдатпа

Мақала сот-тергеу практикасы үшін өзекті болып табылатын кредиттеу саласындағы алаяқтықтағы залалдың мөлшерін анықтау проблемасына арналған.

Жымқыру құрамдарындағы залалды түсіну тәсілдемелерінің әртүрлілігін авторлар «залал» терминінің екі мағынасын шатастырудың салдары деп түсіндіреді: құрамның белгісі ретіндегі залал және қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген залал (шығын) ретіндегі залал, бұлардың алғашқысы әрекетті саралауға, ал екіншісі – жәбірленушінің пайдасына өндіріп алудыңсомасынаәсер етеді. Кредиттеу саласындағы алаяқтықтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, авторлар саралау мақсаттары үшін
залал деп банктік қарыз шарты бойынша негізгі берешек сомасына теңқылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген нақты залалды түсінуді ұсынады, бұл ретте банкке тиесілі сыйақы (айрылып қалған пайда) есепке алынбауға тиіс.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық