ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ «ӘДІЛДІК» ЖӘНЕ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ» КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Авторлар

  • Лейла ЖАКАЕВА

DOI:

https://doi.org/10.1063546/encpc295

Кілт сөздер:

әділеттілік принципі: әділеттілік критерийлері, парасаттылық, па- расаттылық критерийлері; әділ сот төрелігі, объективті және бейтарап сот төрелігі: ақылға қонымды мерзім; ақылға қонымды уақыт доктринасы; сот ісін жүргізу ұзақты- ғының парасаттылығы; сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімдері

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасында қолданылатын «әділдік» және «парасаттылық» ұғымдары қарастырылады.

Әкімшілік рәсім мен әкімшілік сот ісін жүргізудің әділеттілік қағидаты мен критерийі тиісті мемлекеттік органдардың объективті және бейтарап қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ іске қатысушылардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыру үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау тұрғысынан талданады.

Әкімшілік рәсім мен әкімшілік сот ісін жүргізудің парасаттылық (негізділік) қағидаты этимология, талқылаудың ақылға қонымды мерзімі доктринасы, сондай-ақ бұл мәселенің заңнамада реттелуінің ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Әкімшілік құқық пен әкімшілік процесс