ШЕТЕЛДІК ТӨРЕЛІК ШЕШІМДЕРІН ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ: 1958 ЖЫЛҒЫ НЬЮ-ЙОРК КОНВЕНЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ (ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІН САЛЫСТЫРУ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

  • Азамат НҰРТАН
  • Дінмұхамед АҚТАЙ

DOI:

https://doi.org/10.1063546/zg5kra92

Кілт сөздер:

Шетелдік төрелік шешімдерін тану және орындау, 1958 жылғы Нью- Йорк Конвенциясы, 1961 жылғы Еуропалық Конвенциясы, ратификациялау, жария тәртіп туралы ескертпе

Аңдатпа

Бұл мақала шетелдік төрелік шешімдерін тану және орындау мәселелеріне арналған. Жұмыстың мақсаты – шетелдік төрелік шешімдерін тану және орындау тәртібін реттейтін Конвенциялардың маңыздылығын талдау, сондай-ақ, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен тәжірибесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бұл зерттеудің теориялық негізі отандық және шетелдік авторлардың еңбектері болды. Нормативтік құқықтық базаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, сондай-ақ халықаралық Конвенциялар кіреді. Тәжірибелік базаны, негізінен, шетел тәжірибесінің материалдары құрады. Бұл зерттеуді жүргізу барысында келесі әдістер қолданылды: талдау, синтез, индукция, дедукция. Осы жалпы ғылыми әдістермен қатар авторлар құқықтық зерттеу жүргізудің арнайы әдістерін де пайдаланды, мысалы: формальды-құқықтық талдау әдісі, сонымен қатар салыстырмалы құқықтық әдіс. Көрсетілген теориялық, нормативтік және практикалық база, сондай-ақ қолданылған зерттеу әдістері авторларға проблеманың әртүрлі аспектілерін ескере отырып, осы зерттеуді жүргізуге және зерттеу нәтижесінде қорытынды жасауға көмектесті. Зерттеу нәтижесінде авторлар бірқатар тұжырымдарға келді, оның ішінде субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмін жетілдіріп, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық Конвенциялардың ережелеріне сәйкестендіру қажеттілігі.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану