АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ӘДІЛЕТТІЛІК:ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНТЕКСТІ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/vbrh9a38Кілт сөздер:
әділеттілік, сот ісін жүргізу қағидаты, әділеттілік қағидаты, азаматтық процестің қағидаттары, әділ сот талқылауына құқық, азаматтық процестің міндеттері, әділеттілік санаты, әділ сот талқылауыАңдатпа
Мақалада сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларда
әділеттілік идеясын қабылдау тұрғысынан халықаралық актілер мен ұлттық заңнаманың
мазмұны талданады.
Іс жүргізу заңнамасын талдау әділеттілік категориясын заңнамалық тұрғыдан бекіту тәсілдеріндегі айырмашылықты көрсетті. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚР АПК) әділдік категориясын кеңінен қабылдау
байқалмайды.
Доктриналық дереккөздерге және халықаралық актілерге сілтеме жасай отырып, мақалада әділ сот талқылауына субъективті құқықтың түсінігі мен құрылымы қарастырылады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша автор ҚР АПК-нің және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жекелеген ережелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға әрекет жасады.