АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ ТАТУЛАСУРӘСІМДЕРІНІҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРЫЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/g8hmpp12Кілт сөздер:
азаматтық сот ісін жүргізу, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері, медиация, татуласу, татуласу рәсімдері, жауапкершілік, азаматтық сот ісін жүргізу тіліАңдатпа
Мақала Қазақстанда азаматтық сот ісі жүргізуде татуласу институтының дамуының кейбір мәселелеріне арналған. Автор азаматтық сот ісін жүргізу заңдарына сәйкес дауды бейбіт шешуге жәрдемдесуді азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері ретінде анықтағанын атап өтеді. Татуласу рәсімдері азаматтық сот ісі жүргізуде дауды реттеудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің балама механизмі ретінде қарастырылады.
Автор сотқа құрмет көрсетпеушілік фактісін бекіту және жауапкердің сот ісін жүргізу тілін білмеуге байланысты туындайтын мәселелерді талдайды. Сотта татуласу рәсімдері азаматтық сот ісін жүргізудің бір сатысы болып табылады, сондықтан татуласу рәсімдері кезінде сотқа құрмет көрсетпеушілік фактісін жасаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін атап көрсетеді.
Татуласу рәсімдерінің тиімділігін арттыру үшін автор жауапкердің сот ісін жүргізу тілін білмеуіне байланысты туындайтын мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.