«МӘЖАЛЛӘ» КОДЕКСІ ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫТАРИХЫНДАҒЫ РЕФОРМА РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/r7ggdh96Кілт сөздер:
фикһ, мәжаллә, ханафи құқықтық мектебі, Исламдағы құқық қағидалары, Джевдет паша, дәстүр, ислам құқығы, Осман империясы, кодификацияАңдатпа
XIX ғ. Осман империясы экономикалық және саяси әлсіреген елдің күйін кеше бастады. Империяның Батыс Еуропа елдерінен экономикалық және техникалық дамуы жағынан артта қалуы, оппозициялық көңіл-күйдің күшеюі және т.б. құбылылыстар билеуші режимді елде бірқатар салаларда реформаларды жүзеге асыруға итермеледі. Сол себепті сұлтан соты елдегі әділет жүйесінде бұрын-соңды болмаған ауқымды реформалар жүргізді.
Мақалада 1868–1878 жылдары қабылданған «Мәжаллә» деп аталатын ислам құқығы тарихындағы алғашқы азаматтық кодекс талданады. Мәжалланы дайындау және қабылдау барысы және осы құжаттың ерекшеліктері ашылады.
Мәжалләні кодификациялау үшін жүргізілген жұмыс ханафи мәзһабының фиқхы негізінде жасалды. Сондықтан да авторлардың айтуынша кодекстегі нормаларда басымдылық басқа мазһабтарға қарағанда ханафи мазһабына берілген.