ҚЫМБАТ МЕТАЛДАР МЕН ҚЫМБАТ ТАСТАРДЫҢ, ҚҰРАМЫНДА ҚЫМБАТ МЕТАЛДАР БАР ШИКІЗАТ ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДІҢ КЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ: КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.020Кілт сөздер:
Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, заңсыз айналым, іс-әрекет алгоритмі, кейінгі кезең, құрамдарды ажырату, қылмыстарды саралау, қымбат металдар, қымбат тастар, тергеу, тергеу жағдайы, ұрлау.Аңдатпа
Мақалада қымбат металдар мен қымбат тастардың, құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеудің кейінгі кезеңін ұйымдастырудың криминалистикалық және қылмыстық-құқықтық аспектілері қарастырылады. Осы кезеңді дұрыс алгоритмдеудің маңыздылығы атап көрсетіледі, өйткені ол бас сот талқылауының орталық сатысы болып табылатын сот тергеуінің негізін қалыптастырады. Нақты қылмыстық істердің материалдары негізінде тергеудің кейінгі кезеңіне тән типтік тергеу жағдайлары және тергеушілер жіберген, қылмыстық істің ақтаушы негіздер бойынша тоқтатылуына әкеп соққан қателіктер қарастырылған; әрбір жағдай үшін тергеушінің іс-әрекет алгоритмі ұсынылған. Тергеу-сот практикасын талдау және құқық қорғау органдары қызметкерлерін анкеталық сұрау нәтижелері негізінде бірқатар жағдайларда ҚР ҚК-нің 295-1-бабы бойынша заңсыз өндіру ретінде саралалатын әрекеттер өздерінің объективтік жағы бойынша іс жүзінде заңды жер қойнауын пайдаланушылардың аумағынан бұрын өндірілген шикізатты ұрлауды білдіретіні негізделеді; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігін тиісті саралаушы белгімен толықтыру ұсынылады. Сондай-ақ тергеудің кейінгі кезеңінде істелген әрекетті түпкілікті саралау кезінде туындайтын ұрлау (ҚР ҚК-нің 188-бабы) мен жер қойнауын өз бетінше пайдалану (ҚР ҚК-нің 334-бабы) құрамдарын ажырату мәселесіне жеке назар аударылған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында тиісті мәселелерді түсіндіру қажеттігі негізделген.
Open content is licensed under the CC-BY