ЭВТАНАЗИЯНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Апенов С. М. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Нысанбекова Л. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті https://orcid.org/0000-0002-1547-6816
  • Жайлау Ж. Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің экономика

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.027

Кілт сөздер:

адам құқығы; адам өлтіру; адамның өлімге құқығы, Еуропалық Одақ; жан ашырлық; жеңілдететін жағдай; қылмыстық жауаптылық; Қазақстан республикасы; халықаралық тәжрибе; эвтаназия.

Аңдатпа

Мақалада эвтаназияны құқықтық реттеудің халықаралық және ұлттық аспектілері кешенді түрде зерттеледі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі таңда адамның өмір сүруге құқығы, адамның қадір-қасиеті, пациенттің автономиясы және медициналық қызметтің құқықтық шекаралары жөніндегі пікірталастардың халықаралық деңгейде күшеюімен, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің эвтаназияға қатысты құқықтық ұстанымдарының біркелкі болмауымен негізделеді. Қазақстан Республикасында эвтаназияға заң жүзінде тыйым салынғанымен, шетелдік құқықтық тәжірибенің кеңеюі мен халықаралық құқықтағы жаңа үрдістер бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қайта қарастырудың қажеттілігін арттырады.

Зерттеудің мақсаты – эвтаназияны құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесін, халықаралық ұйымдардың ұстанымдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын салыстырмалы талдау арқылы құқықтық реттеуді жетілдірудің ғылыми негізделген ұсыныстарын әзірлеу.

Зерттеу барысында эвтаназияны кешенді зерттеу жүргізуге болатындығы, яғни бұл мәселені тек қылмыстық-құқықтық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар халықаралық-құқықтық, медициналық, социологиялық, діни таным тұрғыларынан да қарастыруға болатындығы анықталды.

Қолданылған әдебиеттер жан ашырлық ниетпен адам өлтірудің (эвтаназия) даулы тақырып екендігін, яғни бір-біріне қарама-қайшы бағыттағы пікірлер бар екендігін көрсеттті.

Тиімді нәтижеге қол жеткізу мақсатында мақалада эвтаназия бойынша шет елдердің заң практикаларына шолу жасалады. Оның нәтижесі  эвтаназияның барлық түрлерін заңдастырудың арта бастағандығын көрсетті. Жұмыс барысында эвтаназияның халықаралық-құқықтық аспектісіне назар аударылып, халықаралық ұйымдардың жан ашырлықпен адам өлтіруді заңдастыруға қарсы бағыт ұстанатындығы анықталды. Мұның себебі адам құқықтарын қорғауды мақсат ететін халықаралық ұйымдардың адамның өмір сүруге құқығы принципіне басымдық беретіндігіне байланысты деген шешім жасалды.

Эвтаназия мәселесін жан-жақты зерттеудің нәтижесінде адамның өмір сүруге құқығы және адамның өлімге құқығы ұғымдарының мазмұны ашылды. Құқықтық әдебиеттер адамның өлімге құқығының түсінігін, мазмұнын анықтамаса да мұндай құқықтың бар екендігі негізделді. Сонымен қатар  дәрігердің эвтаназия бойынша құқықтары мен міндеттерінің тізімі ұсынылды. Мақаланың атауынан байқалып тұрғандай, жан ашырлық ниетпен адам өлтірумен жай адамдардың да кездесетіндігі ескеріліп, оның дәрігерлік эвтаназиямен ұқсастықтары анықталды.

Автор өмірбаяны

  • Нысанбекова Л., Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

    халықаралық құқық кафедрасы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық
6 PDF: 10