СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ УӘЖДЕМЕЛІГІ –АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЖЕТТІ ШАРТЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/vp7yxb34Кілт сөздер:
уәжді сот шешімі, әділ сот төрелігі, құқықтық мемлекет, сотқа сенім білдіру, сот шешіміне қойылатын талаптар, сот төрелігін іске асыруды қоғамдық бақылау, сот арқылы қорғау құқығын іске асыруАңдатпа
Мақалада азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің уәждемелігінің теориялық және практикалық аспектілері зерттеледі. ҚР АПК нормаларын талдау негізінде сот актілерінің уәждемесін «классикалық» түсінуден біртіндеп кету үрдісі байқалатыны көрсетілген. Сот актілерін уәждемесіз шығару мүмкіндігін көздейтін нормалар да бар. Бұл үрдіс сынға алынды, өйткені уәждеусіз сот шешімі әділ сот төрелігінің актісі бола алмайды. Әділ сот төрелігі – құндылық, қол жеткізуге болатын мақсат. Осы мақсатқа жету үшін сот шешімінің уәждемелігі маңызды инструменттік құндылық болып табылады. ҚР АПК-де істерді әділ қарау және шешу туралы нормалар енгізілгендей, теориялық көзқарастарға, ҚР Конституциясының ережелеріне және халықаралық актілердің нормаларына жүргізілген талдау нәтижесі сот шешімінің уәждемелігі туралы нормаларды енгізу қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.