ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДЕТЕРМИНАНТЫ РЕТІНДЕ СОТ ҮКІМІ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2026.15.3.013Кілт сөздер:
: Сот үкімі, құқықтық сана, қылмыстық процесс, құқықтық мәдениет, сот билігі, сот төрелігін цифрландыру, легитимділік, сот коммуникациясы, фрейминг.Аңдатпа
Мақалада сот үкімі қылмыстық сот ісін жүргізудің қорытынды актісі ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы құқықтық сананың трансформациясына ықпал ететін әлеуметтік-құқықтық фактор ретінде қарастырылады. Үкімнің маңызы нақты бір қылмыстық істі шешу шеңберінен шығатыны негізделеді, өйткені ол құқықтық дауды шешу функциясымен қатар, коммуникативтік, тәрбиелік және легитимдеуші функцияларды да атқарады. Сот төрелігін цифрландыру және сот қызметінің жариялылығы кеңейген жағдайларда сот үкімінің заңдылықты, әділеттілікті және сот билігіне деген сенімді қабылдауға әсеріне ерекше назар аударылады. Сот актісінің тілінің рөлі, уәждеудің сапасы, сондай-ақ медиаортаның сот шешімдерін қоғамдық тұрғыдан түсіндіруге ықпалы талданады. Сот үкімі құқықтық мәдениетті қалыптастырудың және құқықтық сананы нығайтудың маңызды факторы болып табылады деген қорытынды жасалады, алайда оның әсері тек заңи негізділікпен ғана емес, сондай-ақ жария құқықтық коммуникацияның сапасымен де айқындалады.
Open content is licensed under the CC-BY