С.З. ЗИМАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Авторлар

  • Руслан СУЛТАНОВ

DOI:

https://doi.org/10.1063546/yq23pv09

Кілт сөздер:

құқық; мемлекет; әдет-ғұрып құқығы; қазақтың әдет-ғұрып құқығы; құқықтық ғылым; құқықтық мұра; қазақ билер соты

Аңдатпа

Бұл мақала академик С.З. Зимановтың қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеудегі рөлін ашып көрсетуге, әдет-ғұрып құқығының мәнін жаңаша түсінуге, сондай-ақ, оның этностың қоғамдық санасындағы орны мен дәстүрлі мәдениетті сақтауда рөлін анықтауға арналған. Академик С.З. Зиманов – көрнекті заңгер-ғалым, қазақстандық заң ғылымының негізін салушылардың бірі, орасан зор теориялық және практикалық маңызы бар іргелі еңбектердің авторы. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу жөніндегі еңбектер жиынтығы бойынша С.З. Зиманов көшпелі өркениет идеясын ілгерілетуге зор үлес қосқан классикалық шығыстану ғылымының көрнекті қайраткерлерімен бір қатарда тұр.
С.З. Зиманов өз еңбектерінде көшпелі халықтардың әлемдік тарих пен әлемдік мәдениетке
өзіндік және елеулі үлес қосу идеясын алға тартты. Академик С.З. Зиманов халықаралық мойындауға ие болған қазақ құқықтық мектебін құрушыларға жатады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Құқық философиясы