ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢМӘНІ МЕН ШЕКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/f3nbcy87Кілт сөздер:
дәлелдер, дәлелдердің қасиеттері, дәлелдеу, дәлелдеу мәні, дәлелдеу шектері, дәлелдемелерді жинау, дәлелдемелерді зерттеу, дәлелдемелерді бағалауАңдатпа
Мақалада қылмыстық процестік дәлелдеуін оның анықтайтын белгілерін-дәлелдеудің мәні мен шектерін ашу арқылы қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Дәлелдеудің мәні мен шектерін ашу арақатынаста, олардың себеп-салдарлық шарттылығында қарастырылады. Дәлелдеу нысанасын қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесінің мақсаты ретінде, ал дәлелдеу шегін мақсатқа жетудің құралы ретінде қараудың негіздемесі келтіріледі. Дәлелдеуге жататын мән-жайлар жүйесі ретінде дәлелдеу нысанасы қылмыстық-процестік дәлелдеу мақсатына қол жеткізуге бағытталғандығы туралы хабарлайды. Дәлелдеу шектері жиналған, тексерілген және бағаланған дәлелдемелер негізінде таным шекарасын белгілеудің айқындаушы қасиеттеріне байланысты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің мақсатына жетудің қамтамасыз етуші құралы ретінде қаралды.