ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕ АЗАМАТТАРДЫ СОТ АРҚЫЛЫБАНКРОТ ДЕП ТАНУ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/5tmde394Кілт сөздер:
төлемге қабілетсіздік, банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкрот, несие беруші, бітімгершілік келісімі, қаржы басқарушысыАңдатпа
Азаматтардың банкроттық институты қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өте маңызды. 2022 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы елеулі оқиға болды, өйткені бұл қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің төмендеуіне және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің азаюына әкеледі. Мақалада 2022 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері баяндалады, сондай-ақ осы санаттағы істерді қарау бойынша сот практикасынан мысалдар келтіріледі. Қабыл-
данған сәттен бастап азаматтардың банкроттық институты қарқынды дамып келеді, бірақ оны қолдану кезінде көптеген мәселені тудырады. Болашақта осы заңнамалық актінің жекелеген нормаларын жетілдіру, сондай-ақ сот практикасында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңнама нормаларын қолдану бойынша нормативтік қаулы қабылдау қажет.