Тергеу судьясының жауап алуының (айғақтарды сақтауға қоюының) процесстік ерекшеліктері

Авторлар

  • Байкенжина Ш.Т
  • Кусаинова Л.К

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2025.11.3.011

Кілт сөздер:

тергеу судьясы, жауап алу, айғақтарды сақтауға қою, жәбірленуші, куә, сот, кәмелетке толмаған тұлға

Аңдатпа

Ғылыми зерттеуде тергеу судьясының Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде сотқа дейінгі іс жүргізу сатысындағы сот бақылауының негізгі тетіктерінің бірі ретінде жауап алуының (айғақтарды сақтауға қоюының) процесстік ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – айғақтарды сақтауға қою институтының құқықтық табиғатын, оны қолдану тәртібін талдау, сондай-ақ заңнамалық реттеу мен құқық қолдану практикасында орын алған мәселелерді анықтау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеудің өзектілігі жұмыс барысында үш фактормен сипатталды. Жұмыстың өзектілігі сотқа дейінгі кезеңде жиналған дәлелдемелердің жол берілуі мен анықтығына кепілдіктерді арттыру, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың, ең алдымен, кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау қажеттілігімен байланысты. Қазақстанда тергеу судьясы институтын енгізу әділ сот талқылауын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болғанымен, алайда оны қолдану тәжірибесі қорғалуға құқығы бар куәнің іс жүргізу мәртебесіне және айғақтарды сақтауға қою рәсімін регламенттеуге байланысты құқықтық олқылықтардың бар екенін зерттеу жұмысында көрсетілді. Зерттеу барысында авторлар қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары мен ҚР Конституциялық Сотының қаулыларына талдау жүргізді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс
45 PDF: 86