Қазақстанның азаматтық процесіндегі кассация институты: теориялық аспектілер, модернизация және салыстырмалы талдау

Авторлар

  • Егембердиев Е.О

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2025.11.3.005

Кілт сөздер:

мәмілелер, мәмілені жарамсыз деп тану, мердігерлік шарт, қызмет көрсету шарты, орындалған жұмыстар актілері, көрсетілген қызметтер актілері

Аңдатпа

Жүргізілген талдау орындалған жұмыстар актілерінің және көрсетілген қызметтер актілерінің құқықтық табиғатын айқындауға мүмкіндік береді. Оларды мәміле ретінде тану мүмкіндігі, сәйкесінше мәмілелерге қатысты құқықтық реттеу аясында олардың жарамды немесе жарамсыз деп танылу мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде пәнаралық, салыстырмалы, тарихи-философиялық, герменевтикалық әдістер қолданылды. Мәмілелер мен шарттарға қатысты қолданыстағы құқықтық реттеу, отандық және шетелдік ғылыми еңбектер, сот тәжірибесі зерттелді. Мердігерлік және қызмет көрсету шарттары тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондықтан олардың орындалу барысында туындайтын мәселелердің мәні ерекше. Мұндай мәселелердің бірі – жұмыстардың тиісті орындалуын, қызметтердің көрсетілуін және олардың нәтижелерін қабылдауды түсіну болып табылады, ол тиісінше орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілеріне және көрсетілген қызметтер актілеріне қол қою арқылы рәсімделеді. Тәжірибеде кейде шарт тараптары әртүрлі себептермен сотқа немесе арбитражға орындалған жұмыстар актілерін немесе көрсетілген қызметтер актілерін жарамды немесе жарамсыз деп тану туралы жүгінеді. Орындалған жұмыстар актілерінің немесе көрсетілген қызметтер актілерінің жарамды деп тану мәселесінде анықтықтың болмауы және соттар мен арбитраждардың әртүрлі шешімдер қабылдауы даулардың санын арттырады, тараптардың және қоғамның жалпы шығындарын көбейтеді. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін теориялық талдау жүргізу қажет, ол тәжірибеде осы санаттағы дауларды қарау кезінде айқын негіздер мен бағдар берер еді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық пен азаматтық процесс
41 PDF: 98