Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері мәміле болып табыла ма және оларды жарамды немесе жарамсыз деп тануға бола ма? міндеттемелік және билік ету мәмілелері призмасы арқылы талдау
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2025.11.3.004Кілт сөздер:
мәмілелер, мәмілелерді жарамсыз деп тану, мердігерлік шарт, қызмет көрсету шарты, орындалған жұмыстар актілері, көрсетілген қызметтер актілеріАңдатпа
Жүргізілген талдау орындалған жұмыстар актілерінің және көрсетілген қызметтер актілерінің құқықтық табиғатын айқындауға мүмкіндік береді. Оларды мәміле ретінде тану мүмкіндігі, сәйкесінше мәмілелерге қатысты құқықтық реттеу аясында олардың жарамды немесе жарамсыз деп танылу мүмкіндігі қарастырылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде пәнаралық, салыстырмалы тәсілдер, тарихи-философиялық, герменевтикалық әдістер қолданылды. Мәмілелер мен шарттарға қатысты қолданыстағы құқықтық реттеу, отандық және шетелдік ғылыми еңбектер, сот тәжірибесі зерттелді.
Мердігерлік және қызмет көрсету шарттары тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондықтан олардың орындалу барысында туындайтын мәселелердің мәні ерекше. Мұндай мәселелердің бірі – жұмыстардың тиістіше орындалуын, қызметтердің көрсетілуін және олардың нәтижелерін қабылдауды түсіну болып табылады, ол тиісінше орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілеріне және көрсетілген қызметтер актілеріне қол қою арқылы рәсімделеді.
Тәжірибеде кейде шарт тараптары әртүрлі себептермен сотқа немесе арбитражға орындалған жұмыстар актілерін немесе көрсетілген қызметтер актілерін жарамды немесе жарамсыз деп тану туралы жүгінеді.
Орындалған жұмыстар актілерінің немесе көрсетілген қызметтер актілерінің жарамсыз деп тану мәселесінде анықтықтың болмауы және соттар мен арбитраждардың әртүрлі шешімдер қабылдауы даулардың санын арттырады, тараптардың және қоғамның жалпы шығындарын көбейтеді. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін теориялық талдау жүргізу қажет, ол тәжірибеде осы санаттағы дауларды қарау кезінде айқын негіздеме мен бағдар берер еді.
Орындалған жұмыстар актілерінің және көрсетілген қызметтер актілерінің құқықтық табиғатын мәміле ретінде айқындау, сондай-ақ олардың мәмілелерге қатысты құқықтық реттеу шеңберінде жарамды немесе жарамсыз деп тану мүмкіндігі.
Open content is licensed under the CC-BY