Жасанды интеллект технологияларының негізінде судьяларды конкурсты іріктеу процесін автоматтандыру және кадрлық резервті қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2025.11.3.003Кілт сөздер:
судьяларды конкурстық іріктеу, процесс, процедуралар, кадрлық резерв, жасанды интеллект, автоматтандыру, іріктеу нәтижелері, біліктілік емтиханы, әңгімелесу, тестілеу, тәуекелдерАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – судьяларды конкурстық іріктеуді автоматтандыру және кадрлық резервті қалыптастыруда жасанды интеллект технологияларын енгізу қажеттігі туралы ғылыми болжамды алға тарту және негіздеу. Шешілетін міндеттер жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, судьяларды конкурстық іріктеуді автоматтандырудың және кадрлық резервті қалыптастырудың теориялық, құқықтық және практикалық аспектілерін зерделеуге мен талдауға бағытталған. Әдістеме жасанды интеллект негізінде осы процестерді автоматтандыруды логикалық-құқықтық және теориялық-құқықтық талдаумен үйлестіре отырып, судьяларды іріктеу және кадрлық резервті қалыптастыру процесін жүйелік талдау әдісін қамтиды. Болжау әдісі судьяларды конкурстық іріктеуді автоматтандыруды дамытуға және кадрлық резервті қалыптастыруда жасанды интеллект технологияларын қолданудың перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы әдіс шетелдік тәжірибені зерделеуге және оны экстраполяциялаудың бағыттарын ұсынуға мүмкіндік берді. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу және кадрлық резервті қалыптастыру үдерісі сот билігінің тәуелсіздігі мен ашықтығының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл процесте субъективті факторларды барынша азайту кандидаттарды іріктеуді объективті етуге, қаржылық шығындарды азайтуға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы жасанды интеллектия технологиялары негізінде сот кадрларын іріктеуді автоматтандыру және кадрлық резервті қалыптастыру мүмкіндіктерін болжауда. Басты қорытынды – жасанды интеллект арқылы судьялыққа кандидаттарды конкурстық іріктеуді автоматтандыру және кадрлық резервті қалыптастыру – ғылыми негізделген таяу болашақтың шындығы.
Open content is licensed under the CC-BY