Сот төрелігінің сапасын арттыру мәселелері: талдау және перспективалар

Авторлар

  • Сейтенов Қ.Қ

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2025.11.3.002

Кілт сөздер:

сот төрелігі, судьялардың біліктілігі, сот жүктемесі, сыбайлас жемқорлық, сот жүйесі реформасы

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалар жалғасып жатқан жағдайда, құқықтық сот төрелігінің сапасына ықпал ететін факторларды кешенді талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері – сот жүйесінің негізгі проблемаларын (соттардың жүктемесінің артуы, судьялардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сыбайлас жемқорлық көріністері, қылмыстық процесстер тараптарының теңсіздігі) айқындау, отандық және шетелдік тәжірибелерді салыстырмалы талдау жүргізу, сондай-ақ оларды шешуге бағытталған практикалық ұсынымдар қалыптастыру.

Талдау нәтижелері сот төрелігінің сапасына ықпал ететін негізгі мәселелер ретінде істер санының көбеюі мен кадр тапшылығына байланысты соттардың шамадан тыс жүктелуі, судьяларды іріктеу рәсімдерінің ашық еместігі, сыбайлас жемқорлық көріністері және қылмыстық процесстер тараптарының теңсіздігі болып қала беретінін көрсетті. Ұсынылып отырған шаралар қатарында судьялар мен сот қызметкерлерінің санын көбейту, заманауи технологияларды цифрландыруды енгізу, судьялардың біліктілігін арттыру, антикоррупциялық тетіктерді күшейту, сондай-ақ қазылар алқасы институтын кеңейту қарастырылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – сот төрелігінің сапасын зерттеуде құқықтық, институционалдық және әлеуметтік аспектілерді біріктіретін кешенді тәсілдің қолданылуында, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың ұсынылуында. Зерттеудің теориялық маңызы – сот төрелігінің сапа өлшемшарттарына қатысты ғылыми түсініктерді дамытуда көрініс табады, ал практикалық маңызы – алынған тұжырымдар мен ұсынымдарды сот және атқарушы билік органдарының қызметінде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

Жасалған қорытындылар Қазақстанның сот жүйесін жүйелі түрде реформалаудың қажеттігін дәлелдейді, бұл ретте басымдық сот төрелігін цифрландыруға, судьялардың біліктілігін арттыруға, тараптардың нақты бәсекелестігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға берілуі тиіс. Ұсынылған шараларды іске асыру сот қызметінің тиімділігі мен әділеттілігін арттырып, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Сот және сот төрелігі
51 PDF: 108