ҚҰҚЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕНТАЛИТЕТ:АРАҚАТЫНАСЫ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Тулеуғали БУРБАЕВ

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.8.4.001

Кілт сөздер:

құқықтық мәдениет, құқықтық менталитет, құқықтық стереотиптер, құқықтық сана, құқықтық ойлау, құқыққолдану, сыни ойлау

Аңдатпа

Бұл мақалада құқықтық стереотиптің мәселелері және оның құқықтың мәнін түсінуге әсері қарастырылады. Құқықтық стереотиптер адам қызметінің ішкі жан дүниесіне әсер ететін құқықтық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде және құқықтық сана мен ойлау деңгейлерінде әртүрлі факторлар мен процестердің кешенді өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде талданады. Автордың пікірінше, құқықтық стереотиптерді зерттеуге мұндай көзқарас адамдардың психикалық әлемінде олардың жұмыс істеу себептері мен механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, мақалада "құқықтық стереотип" және "құқықтық қатынастардың стереотиптері" ұғымдарының арасындағы айырмашылық қарастырылады. Автордың пікірінше олар, құқықты қабылдау мен түсінудің әртүрлі аспектілеріне жатады.
Жұмыста құқықтық менталитеттің құқықтық стереотиппен байланысы талданады, олардың өзара байланысы адамның мінез-құлық деңгейінде көрінетін мән мен құбылыс
диалектикасы ретінде ұсынылады. Зерттеу барысында автор құқықтық стереотиптерді
зерттеу азаматтардың құқық қорғау органдары мен соттарға деген біржақты қарым-қатынасын жеңуге және олардың жалпы құқықтық жүйеге деген сенімін арттыруға ықпал етеді деген қорытынды жасайды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Құқық философиясы