ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРУ ЖАЗБАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢҚАБЫЛДАНУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫЗАҢНАМАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.8.4.007Кілт сөздер:
Нотариус, нотариаттық іс-әрекеттер, атқару жазбасы, дауларды шешудің соттан тыс әдісі, даусыз талаптарАңдатпа
Атқару жазбасы, даусыз талаптарға негізделген берешекті соттан тыс
өндіріп алудың құқықтық құралы ретінде Қазақстанда 2016 жылдан бастап сәтті қолданылып келеді. 2015 жылғы 31 қазандағы № 378-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған сәттен бастап
нотариустарға атқару жазбасы өкілеттіктерінің берілуімен байланысты Қазақстан нотариаты дамуының жаңа дәуірі басталды. Сот жүктемесін оңтайландыру және соттарды даусыз сипаттағы мәселелерді қараудан босату атқару жазбасын енгізудің негізгі мақсаты
болғандықтан, нотариат сот реформасының маңызды элементтерінің біріне айналды. Мақалада атқарушылық жазбалар бойынша құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруға әсер
ететін қолданыстағы заңнаманың өзекті мәселелері қарастырылған.