КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҰҒЫМ, МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ,КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ ПРИНЦИПІ ҚЫЛМЫСТЫҚПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ АСЫРУДА

Авторлар

  • Руслан Әбдірашев

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.7.3.009

Кілт сөздер:

қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері; кінәсіздік презумпциясы принципі; қылмыстық іс жүргізудің конституциялық принципі; қылмыстық іс жүргізу заңнамасы

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі кінәсіздік презумпциясы конституциялық қағидатын зерттеуге арналған. Автор бұл тақырыптың өзектілігін ғылыми зерттеулердің жеткіліксіздігі және құқық қорғау органдары мен соттардың қызметінде аталмыш қағидаттың жиі бұзылуы арқылы негіздейді. Зерттеудің мақсаты – кінәсіздік презумпциясының мәнін, мазмұнын және оның демократиялық мемлекеттегі қылмыстық әділет жүйесіндегі шешуші рөлін жан-жақты талдау. Зерттеу барысында жалпы ғылыми әдістер (диалектикалық, талдау мен синтез, жинақтау) және арнайы құқықтық әдістер (салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық, формалды-логикалық) қолданылды. Автор қылмыстық процестегі қағидаттарды, соның ішінде кінәсіздік презумпциясын сақтау – әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етудің кепілі екенін атап көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық